#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис 2024 жылғы 9-11 қазан аралығында Астанада өткен «Көлік және Логистика»-Translogistica Kazakhstan 2024 27 — ші халықаралық көрмесіне қатысты

12.10.2024

Қазақстанның астанасы Астана қаласында «EXPO» ХХО аумағында көлік-логистика саласындағы ең ірі оқиға – «TransLogistica Kazakhstan 2024″көрмесі өтті. Кедентранссервис «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ акционерінің шоғырландырылған стендімен қатысты. Көрме аясында «Кедентранссервис» АҚ өкілдері тәжірибе және ақпарат алмасу бойынша іскерлік кездесулер өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының, Қазақстандық вагон тасымалдаушылар мен операторлар қауымдастығының, ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен өтті.
Көрмені ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша 2024 жылы көрмеге Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Литва, Латвия, БАӘ, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония сияқты 19 елден 213 компания қатысты. Қатысушылар өз стендтерінде көлік технологиялары мен логистикалық процестер саласындағы озық шешімдерді қолдануға баса назар аударды.
«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ көрме стенді «Үздік ұжымдық стенд» — «Best collective stand»номинациясымен марапатталды.
Маңызды оқиғалардың ішінен көрме шеңберінде «Қазақстандағы теміржол көлігі мен инфрақұрылымды дамыту» және «BreakBulk Kazakhstan ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау»тақырыптарында өткізілген конференцияларды атауға болады. Қатысушылар көлік-логистика саласындағы негізгі мәселелерді талқылап, іскерлік байланыстар орнатты. қатысушылар ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылап, жаңа іскерлік байланыстар орната алды. Сондай-ақ, «көліктегі және логистикадағы IT-шешімдер» I конференциясы, «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы»III Халықаралық конференциясы өтті.