#

# Жаңалықтар

Бүгін, 13 тамызда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапары барысында Қостанай стансасында темір жол кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесіп, облыстағы темір жол көлігін дамытуға қосқан өлшеусіз үлестері үшін қызметкерлерге алғысын білдірді.

13.08.2024

«Кедентранссервис» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының ардагері Болат Заеденұлы Муженбаев Қазақстан темір жолының 120 жылдығы құрметіне медальмен марапатталды.
Болат Заеденұлы Муженбаев, 1955 жылы туған, теміржол саласында 40 жылдан астам еңбек етті. 2021 жылға дейін жүкші-стропальщик болып жұмыс істеді.
Болат Заеденұлы Муженбаевты марапатымен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!
Сіздің темір жолды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз және сәттілік тілейміз!