Жаңалықтар
Хивада Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жүк тасымалдарын ұйымдастыру және Трансафған бағытын дамыту туралы уағдаласты
Сәуір айында Хивада Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жүк тасымалдарын ұйымдастыру және Трансафған бағытын дамыту туралы уағдаласты. Осы Келісім аясында «Қазақстан темір жолы» Қытайдан Өзбекстанға Қазақстан арқылы жүктерді жедел жеткізу сервисін көрсетті.
Жүк құрамы терминалдан Сиань портына жіберілді. Контейнерлер KTZE Khorgos Gateway Құрғақ портында қайта тиелді және ҚТЖ желісі арқылы Ташкент станциясына жеткізілді, рекордтық 5 тәулікте 4 486 км жүріп өтті.
Бұл ҚТЖ-ның Қытайдағы терминалдық мүмкіндіктері мен Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктерінің өзара іс-қимылының арқасында қамтамасыз етілді.
«Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметі