Жаңалықтар
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ халықаралық логистикалық байланыстарды нығайта отырып, Қытай провинцияларымен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда
2024 жылғы 23-27 маусым аралығында Чжэцзян провинциясы Әкімдігінің делегациясы Қазақстанға келді. Сапар барысында делегация «Кедентранссервис» АҚ Алтынкөл станциясын, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «KTZE – Khorgos Gateway» және «Колжат» құрғақ порттарын, сондай-ақ KIF Warehouses қойма кешенін қоса алғанда, әртүрлі логистикалық объектілердің өндірістік процестерімен және қызметімен танысты
Бұл сапардың алдында 2024 жылдың маусым айының басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Чжэцзян провинциясының мэриясы арасында терминалдық қызметті бірлесіп дамыту туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Чжэцзян провинциясының Цзиньхуа және Иу қалалық мэриясының делегациясы Ақтау, Астана қалаларында болып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығымен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.
Шығыс Қытайдың ең экономикалық дамыған провинцияларының бірі Чжэцзян 17-ден астам порты бар маңызды логистикалық хаб болып табылады, олардың арасында Цзиньхуа мен Иу ерекшеленеді. Бұл порттар Қытай – Еуропа және Қытай – Орталық Азия бағыттары бойынша жүретін контейнерлік пойыздарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту логистикалық тізбектерді нығайтуға және терминалдық инфрақұрылымды бірлесіп дамытуға бағытталған, бұл екі ел арасындағы сауда байланыстарын экономикалық кеңейтуге және нығайтуға ықпал ететін болады.
Мәлімет көзі:https://railways.kz/ru/news/ktzh-rasshiryaet-sotrudnichestvo-s-vedushimi-provinciyami-kitaya/