Жаңалықтар
ҚТЖ мен Қытай Цзиньхуа терминалдық қызметін дамыту туралы келісті
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Қытайға жұмыс сапары аясында Чжэцзян провинциясының Цзиньхуа қалалық округі мэриясымен кездесу өткізді.
Чжэцзян — Шығыс Қытайдың инвестициялық тартымдылығы жоғары экономикалық жағынан дамыған провинцияларының бірі. Провинция аумағында шамамен 17 порт бар. Ең үлкені – Цзиньхуа мен Иу, онда Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия байланысы арқылы контейнерлік пойыздардың ең көп саны қалыптасады.
Кездесуде тиімді логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту туралы уағдаласты және Қазақстан мен Қытай аумағында терминалдық қызметті бірлесіп дамыту туралы меморандум жасасты.
Кездесу Қазақстанның транзиттік әлеуетін (Khorgos Gateway Құрғақ порты, Сиань мен Ляньюньгандағы терминалдар, Ақтау порты базасындағы контейнерлік хаб, Селятино станциясындағы КЛО) арттыруға бағытталған Қытаймен бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асырудың қисынды жалғасы болды .
Ақпарат көзі: railways.kz