#

# Жаңалықтар

9 мамыр – халқымыздың шексіз батырлығы!

09.05.2024

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін біз Ұлы Отан соғысының батырларына мәңгілік құрмет көрсеткіміз келеді!

 

Қарағанды облысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ филиалы қызметкерлерінің туыстары қатарындағы ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Құлымжанов Сағынтай – қызыл әскер, барлаушы, 179-жеке барлау ротасы, 173-атқыштар дивизиясы (III), екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталған, бас бухгалтер Г.Б. Дүйсембекованың атасы.
  • Отарбеков Жұмабай – тыл еңбеккері, бас бухгалтердің атасы Г.Б. Дүйсембекованың атасы.

 

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің туыстары қатарынан ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Мажий Буккутович Киргабаков – Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Ерлігі үшін» медалімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған, жүк тиеуші Күнжетай Қырғызабақовтың әкесі
  • Қалымғазы Ардабайұлы Ардабаев – еңбек ардагері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Әсел Ерболқызы Қалымғазинаның әкесі тарапынан атасы
  • Мадинагуль Қонақбайқызы Ардабаева – тыл еңбеккері, Әсел Ерболқызы Қалымғазинаның әкесі тарапынан әжесі
  • Зинаида Яковлевна Лаукерт – Ұлы Отан соғысының ардагері, 1930 жылы 19 наурызда туған, Алматы КФ кран машинисі Светлана Романовна Пленскаяның анасы.
  • Жағыпар Кайларов – Ұлы Отан соғысына қатысушы, қабылдаушы-тапсырушы Гүлзира Самажанқызы Тойлыбаеваның әкесі. 
  • Байділдә Байболов – Ұлы  Отан соғысының ардагері, 1941-1943 жылдары 101 дивизияның құрамында шайқасқа қатысты, кран машинисі Байболов Серік Байділдәұлының әкесі
  • Өкен Нұрғожаұлы Нұрғожаев – пулемет  взводының командирі, сату жөніндегі менеджер Қарлығаш Қалмырзаеваның атасы. Нұрғожаев Ө. орден және медальдармен марапатталған.
  • Момбай Игенбердинов – Ұлы Отан соғысының ардагері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Қалымғазина Әсел Ерболқызының анасы тарапынан үлкен атасы.
  • Қалихан Болатханов – тыл еңбеккері, кадр мәселелері жөніндегі бас маман Калымгазина Әсел Ерболқызының анасы тарапынан атасы.

«Кедентранссервис» АҚ Атырау өңірлік филиалы қызметкерлерінің туыстары қатарындағы ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Жүнісов Ахат – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 15-гвардиялық бөлімнің 205-атқыштар полкінде қызмет еткен, заң және кадр мәселелері жөніндегі бас маман Ләззат Әділжанқызы Ахатованың әкесінің атасы;
  • Азбергенова Халила  – тыл еңбеккері, заң және кадр мәселелері жөніндегі бас маман Ләззат Әділжанқызы Ахатованың әкесінің анасы (үлкен әжесі).

«Кедентранссервис» АҚ еншілес кәсіпорны — «Қазақстан көлік холдингі» ЖШС қызметкерлерінің туыстары қатарындағы ҰОС ардагерлері мен қатысушылары:

  • Мусин Хаким Мусаевич – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 10 гвардиялық бөлімнің 205-атқыштар полкінің құрамында шайқасқа қатысты, «Транспортный холдинг Казахстан» ЖШС жүк терминалы бастығының атасы Майлин станциясы (Лисаковск, Қостанай облысы) Туганова Фарида.
  • Махмуд Салтанұлы Туганов – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 71-атқыштар бөлімінің құрамында шайқасты, Майлин станциясының (Лисаков, Қостанай облысы) монтері Хамит Тугановтың әкесі.