#

# Жаңалықтар

«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» БАСТАМАСЫНА 10 ЖЫЛ: МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗДЫ ЖӨНЕЛТУ

16.10.2023

15 қазанда Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында «Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнының қолдауымен «Бір белдеу-бір жол»бастамасының 10 жылдығына орай контейнерлік пойыз жөнелтілді.

Осы пойыздың құрамында Сиань қаласынан Орталық Азия бағытында жеткізу мерзімі 12-13 тәулік болатын 1000 тоннадан астам құрама жүк жөнелтілді.

10 жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан астанасы – Астанада алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін салу туралы бастама көтерді. «Бір белдеу — бір жол» бастамасын іске асыру шеңберінде Сиань ҚХР-ның барлық өңірлерінен кең номенклатурадағы жүктердің едәуір бөлігін шоғырландыратын және өңдейтін маңызды көлік торабына айналды.

Осы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы контейнерлік жүк айналымы 6,5 млн.контейнерден асты, бұл ретте Қытай — Еуропа — Қытай бағытындағы көлемдер 100 еседен астам өсті (2013 жылғы 7,6 мың контейнерден 2022 жылы 790 мың контейнерге дейін).

Сиань қаласынан бағыттардың кең ауқымында пойыздардың үздіксіз жүруі екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге қосымша серпін береді.