#

# Жаңалықтар

СИАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРАҚ ПОРТЫНДА ЖҮК ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ.

19.05.2023

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сиань қаласының Құрғақ портында логистикалық орталықтың құрылысын іске қосу рәсімі өтті.

«Соңғы 15 жылда еліміз осы салаға 35 млрд доллар инвестициялады. Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай логистикалық орталығын құрдық. Жаңа темір жол бағыттары ашылды. «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ порты жұмысын бастады. Каспий теңізінде заманауи инфрақұрылым құрылды. Бұл шаралар атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі деп айта аламыз. Өткен жылы екі ел арасында теміржол арқылы 23 миллион тонна жүк тасымалданған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүк транзиті 35 пайызға артып, 7 миллион тоннадан асты. Біздің ынтымақтастығымыз мұнымен шектелмейді. Тасымалдауды одан әрі дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан қытайлық әріптестерімізбен бірге Сианьның құрғақ портында логистикалық орталық салуды жөн көрдік. Бұл хаб Шэньси аймағын Қазақстанмен, Орталық Азиямен байланыстырады. Одан әрі Еуропаға, Түркияға, Иранға жол ашады. Жобаның толықтай іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Дереккөз: https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-prinyal-uchastie-v-ceremonii-zapuska-stroitelstva-logisticheskogo-centra-kazahstana-v-suhom-portu-goroda-sian-1845539