#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Telegram ботын іске қосты. Бұл клиенттермен байланыс орнатудың тағы бір цифрлық платформасы.

21.06.2022

«Кедентранссервис» АҚ «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның жаңартылған «Цифрлық трансформация» бағдарламасын жүзеге асыруда. IT-шешімдерді қолдану клиенттермен жұмыс жасауда да, ұжым жұмысында да орын алуда. Біз 2 негізгі мақсатты көздейміз: «Кедентранссервис» АҚ өңірлік терминалдар желісін басқару тиімділігін арттыру және клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару процестерін автоматтандыру.

Ағымдағы жылдың маусым айында клиенттермен өзара әрекеттесуді басқару процестерін автоматтандыру мәселесін шешу үшін «Кедентранссервис» клиенттеріне арнап @ao_kdts_bot адресімен Telegram bot-ты іске қосты.

Мессенджерлер әлеуметтік желілерге қарағанда танымал заманда браузерді немесе басқа қосымшаларды пайдалану қажеттілігінің төмендеу үрдісі байқалады. Көптеген әрекеттерді тікелей чатта жасауға болады.

Біз «Кедентранссервис» АҚ Telegram bot-ты клиентке келесі мүмкіндіктерді беретін «виртуалды менеджер» ретінде қарастырамыз:

  • • консультация алу;
  • • мөлшерлемені есептеуге онлайн өтінімдерді қалыптастыру;
  • • келісім-шарт жасау үшін жеке кабинетте тіркелу.

 

Telegram bot − бұл бізбен байланысу кезінде сіздің өміріңізді жеңілдететін, потенциалды клиенттермен қарым-қатынас құрудағы тағы бір цифрлық платформа.

Біз әрбір клиентті бағалаймыз, барлық өтініштер бойынша жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз!

Сіздерді @ao_kdts_bot-та күтеміз!