#

# Жаңалықтар

Теміржолшылар арасындағы «Әке, ана, мен – спорттық отбасы» байқауының жеңімпазы «Кедентранссервис»АҚ қызметкерінің отбасы болды

16.06.2022

Ағымдағы жылдың 15 маусымында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен «BalQaragai» демалыс аймағында дәстүрлі «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 20-дан астам теміржолшылар отбасы қатысты.

«Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» байқауы «Намыс дода» форматында өтті, онда қатысушылар түрлі сипаттағы спорттық сайыстарды жеңді, мысалы, Byro Glas Events-тен 200 метрлік кедергілер жолағын еңсеру сәті ерекше есте қалды. Бұл қатысушылардан ептілік пен жылдамдықты талап ететін ерекше ойын кешені. Себебі әрқайсысы күтпеген тосынсыйлар мен спорттық тұзақтармен 18 кедергілерден өтуіне тура келді.

«Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» жеңімпазы «Кедентранссервис» АҚ Техникалық қамтамасыз ету және даму департаментінің директоры Орынбасар Асқар Орынбасарұлы атанды. Жеңімпаздың отбасы дипломмен, медальмен марапатталды және ұйымдастырушылар атынан сертификат табысталды.

«Кедентранссервис» АҚ ұжымы Асқар Орынбасарұлын жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Оның тату отбасына табыс пен амандық тілейміз! Байқау теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Байқауға жұбайым Қаматаева Мақпал Махсатқызы мен ұлым Орынбасар Абылай Асқарұлы қатысты. Отбасым алғаш рет осындай ауқымды спорттық іс-шараға қатысып отыр. Барлық отбасы мүшелері байқауға қатысуға қуана келісті. Мен үнемі футбол ойнаймын, жүгіремін. Қатысушы болып, жеңіс тұғырына көтерілу қызықты, тартысты әрі көңілді өтті. Компания басшылығы мен ұйымдастырушыларға жағымды эмоциялар үшін ризашылығымды білдіремін, өйткені спорт адамды қуаттандырады, рухы мықты болуына көмектеседі. Барлық қатысушы отбасылар сайыс кедергілерін орындауға тырысты, бұл олардың белсенділігі мен үлкен ықыласын дәлелдейді. Спорттық байқаулар ұжымның бірігуіне және ата-ана үлгісінде балалардың спортпен шұғылдануға деген ынтасының пайда болуына ықпал етеді деп ойлаймын», — деп Асқар Орынбасарұлы өз әсерімен бөлісті.