Жаңалықтар
Көкшетау қаласындағы «Кедентранссервис» АҚ жүк ауданынан Қытай Халық Республикасына рапс майы жөнелтілді
Көлемі 2 325 тонна рапс майын (108х20 футтық контейнерлері) «KTZ Express» АҚ Оңтүстік филиалымен бірлесе отырып, ресейлік «Европак» компаниясымен серіктестікте флекситанк көмегімен (құйылмалы жүкті төгуде ыңғайлы, сұйық жүктерді тасымалдауға арналған полимерлік икемді сыйымдылықтарда) пилоттық түрде жөнелту ұйымдастырылды.
Көкшетау қаласының жүк ауданы көрсетілген контейнерлік поезға тиеу-түсіру жұмыстары, контейнерлерді ашық алаңда сақтау және кірме жолдарда фитингтік платформаларды сақтау бөлігінде терминалдық қызметтерді ұсынады.
Қытай — әлемдегі рапс майының негізгі тұтынушысы. Бұл қазақстандық компаниялардан экспорттық өнімді жеткізудегі басым бағыт болып саналады. 2020 жылғы статистикалық деректерге сәйкес Қазақстаннан ҚХР-на 37 мың тоннадан астам өнім экспортталды.