#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Қостанай облысындағы филиалда болды

03.09.2021

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Aрман Сұлтанов шаруашылықты қысқы жағдайда жұмыс істеуге жыл сайынғы дайындау аясында компанияның Қостанай облысындағы филиалында болды. Сапар барысында филиалдың ғимараттары мен құрылыстарының, жүк көтергіш механизмдері мен көлік құралдарының техникалық жағдайына тексеру жүргізілді. Әсіресе жұмыс орындарының сәйкестігіне және қызметкерлердің қысқы арнайы киіммен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.
Одан бөлек, астық пен басқа да отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық тасымалын контейнерлеу мүмкіндіктері қаралды. «Астықты контейнерлік тасымалдау, жол жүру барысында артық жүк тиеу мен аралық қоймаларды пайдалану қажеттілігінің болмауына байланысты шығындарды азайтуға және жүкті соңғы алушыға дейін жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Арман Сұлтанов.
Жоғарыда аталған жыл сайынғы дайындық жұмыстары жоспарлы түрде компанияның барлық филиалдарында жүргізілуде және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бекітілген регламенті мен бұйрықтарына сәйкес мерзімінде аяқталатын болады.