#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ басшылығы Достық станциясын жаңғырту бойынша кеңеске қатысты

14.07.2021

Алматы қаласында инфрақұрылым жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Пазылбекұлының төрағалығымен жаңғыртуды жүзеге асыратын жобалау ұйымы басшылығының және Достық станциясында қайта тиеуді қамтамасыз ететін компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Жаңа терминалдардың құрылысы мен қолданыстағы терминалдарды дамытуды ескере отырып, Достық станциясының қайта өңдеу қабілеті мен қайта тиеу қуаттарын дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын айқындау мәселелері жөніндегі кеңеске қатысушыларға вагондарды қабылдау көлемін ұлғайту мақсатында қайта жаңарту жөніндегі жаңа жобалар мен жоспарлар кеңес барысында таныстырылды.

«Кедентранссервис» АҚ басшылығы қатысушыларды қазіргі кезде осы бағыттағы жаңа технологияларды қолдануды ескере отырып, контейнер алаңын қайта өңдеу бойынша жүргізіліп жатқан жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы хабардар етті, бұл сөзсіз ҚХР-нан келетін контейнерлік құрамдардың артық көлемде тиелуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар жыл сайын транзиттік тасымалдарды ұлғайтуды қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымды дайындау бойынша уақытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.