#

# Жаңалықтар

ҚР-дағы CRCT өкілдігінің басшысымен келіссөздер жүргізілді

20.05.2021

«Кедентранссервис» АҚ мен Қазақстандағы China Railways Container Transport Co. Ltd (CRCT) өкілдігі өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі туралы келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында CRCT контейнерлер паркін тарту, фитингтік платформалармен қамтамасыз ету, терминалдық қызметтерді көрсету және «Кедентранссервис» АҚ ұзақ жылдар бойы өз клиенттері үшін сәтті ұйымдастырып келетін контейнерлік пойыздар құрамында тасымалдау мақсатында кешенді қызмет көрсету мәселелері талқылады.

Келіссөзге қатысушылар серіктестік қатынастарды нығайту және компаниялар арасындағы ынтымақтастық географиясын арттыру мақсатында осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Құрметті клиенттер мен серіктестер, қызметтерді көрсетуге арналған өтінімдерді wagon@kdts.kz мекен-жайына жіберуге болатындығын еске саламыз.

Сонымен қатар, жұмыс уақытында +7 7172 94 26 26 нөмірі бойынша Байланыс-орталығы жұмыс істейдіндігін хабарлаймыз.