#

# Жаңалықтар

Астанадағы «New Silk Way» бизнес форумында еуроазиаттық трангсконтинентальдік маршруттарды дамыту талқыланды

15.06.2017

ДЭФ (Дүниежүзілік экономикалық форум) мәліметтері бойынша Қазақстан теміржол инфрақұрылымының сапасы жөніндегі әлемнің 136 елі ішінде 26 орынды алып отыр.

Ү.ж. 15 маусымы күні Оныншы Астаналық экономикалық форумының жұмысы аясында «Еуроазиаттық трансконтинентальдік маршруттардағы көліктік-логистикалық жүйелерді дамытудың жаңа кезеңі. Жаңа экономикалық шыңдылық жағдайларындағы ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбына «New Silk Way» Төртінші Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өткізілді.

Аталмыш бизнес форумының жұмысына ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай, БАӘ, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Польша сияқты мемлекеттердің көліктік-логистикалық компанияларының басшылары мен банк және сараптау ортасының өкілдері белсене қатысты.

«Қазақстан Еуразиялық көліктік жүйемен бірігу бойынша белсенді жұмыс атқарып, оның дамуына маңызды үлес қосуда», — деді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде трансқазақстандық маршруттардың көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту және үлгілендіру жөніндегі жұмыс атқарылуда.

«Қазақстан аумағы бойынша теміржол және автожол магистральдері, сонымен қатар Азиядан Ресей, Еуропа, Орталық Азия, Кавказ және Парсы шығанағы бағытында тиімді трансконтинентальдік дәліздерді қалыптастыратын әуе маршруттары жалғастырылуда», — деп атап өтті Асқар Мамин. Ол Шығыс — Батыс және Солтүстік — Оңтүстік бағытындағы тасымалдарды дамытуға қатысты сәтті альянстарды атады. Бұл Біріктірілген көліктік логистикалық компаниясы (БКЛК) және Транскаспий халықаралық көліктік маршрутының (ТХКМ) консорциуымы және басқалары.

Қысқа мерзімнің ішінде Шығыс — Батыс бағытындағы контейнерлік тасымалдардың дүркін өсімі қамтамасыз етілген, жүк тасымалдары қайта бағытталған және жаңа көліктік маршруттар ашылған.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары атап өткендей, «Дүниежүзілік экономикалық форумының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың қорытындылары бойынша теміржол инфрақұрылымының сапасынан Қазақстан 136 әлем мемлекеттері ішінен 26 орынды иеленген».

Өз сөзінің қорытындысында Асқар Мамин «New Silk Way» форумы трансконтинентальдік тасымалдарды дамыту жолында маңызды қадамға айналытынына сенім білдірді.

Бизнес форумының аясында «Шығыс — Батыс бағытында теңіз бен құрлық арасындағы тарихи бәсекелестік», «Көліктік инфрақұрылымды дамыту: қуып жетіп жатырмыз ба әлде озықпыз ба?», «Көліктік-логистикалық операторлардың өзараәрекеттесуі. Мультимодальдік тасымалдар. Транзит. Пайда, шақырулар, келешек» сияқты тақырыптарға сессиялар ұйымдастырылды.

Сессиялар барысында «DP World» Компаниясы директорлар кеңесінің Төрағасы Ахмед бин Сулайем, «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ Төарағасы Джавид Гурбанов, «Грузия темір жолы» АҚ Бас директоры Мамука Бахтадзе, қала мэрі Ченду Ло Цян, «Ресей темір жолдары» ААҚ Бірінші вице-президенті Александр Мишарин, «ГП порт Ляньюньган» ЖШҚ Президенті Чжу Сяньян, Румыния Көлік министрілігің мемлекеттік хатшысы Мария Григоре, «БКЛК» АҚ Президенті Алексей Гром және басқалары сөз сөйледі.

Бизнес форумының қатысушылары трансконтинентальдік маршруттарды дамытуға, мультимодальдік тасымалдар тиімділігін арттыруға әлемдік, еуропалық және азиаттық нарықтарға үрдістердің әсер ету сұрақтарын, халықаралық көліктік дәліздерді дамытуда мемлекетаралық қызметтестіктің, өңірлік көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда инновациялық шешімдерді енгізу рөлін талқылады.

«New Silk Way» Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен ұйымдастырылды.