#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ TransRussia/TransLogistica 2017 атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесіне қатысатын болады

20.04.2017

Мәскеу қ. «Крокус Экспо» Халықаралық көрме орталығының аумағында ТрансРоссия атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесі өтіп жатыр. Аталмыш көрме кемежайлардан, теміржолдардан және экспедиторлардан бастап, жүктерді өңдеуге арналған көліктік процестер мен жабдықтарды АТ-қамтамасыз етуге дейін — көліктік сектордың бар өкілдерін жинайтын Ресейдің, ТМД және Балтық елдерінің бас алаңы болып табылады.

Көрме жұмысының шеңберінде іс-шараға қатысушы компанияларының бірқатарымен келіссөздер жүргізіліп, контейнерлік тасымалдар бөлігіндегі қызметтестікті бұдан әрі дамыту және кеңейту мүмкіндіктері тілге тиек етілді.

Көрмеге 300-ден астам ресейлік және шетел компаниялары қатысып жатқанын айта кету керек. Ұлттық экспозицияларды келесідей 8 мемлекеттің компаниялары ұсынбақ: Белоруссия, Германия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Финляндия және Эстония.