#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис АҚ – жоғары бәсекелестік жағдайларындағы жаңа басымдықтар

13.04.2017

Тауарлардың және көліктік құралдардың кедендік сүйемелдеуін жүзеге асыру жолында осыдан 20 жыл бұрын Кедентранссервис РМК құрылған болатын. 2007 жылы біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрамына кірсек, 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Трансконтейнер» КАҚ біздің акционерлеріміз болып атанды. Осы уақыт аралығында біз өзімізді қызметін сәтті жүрігзетін көліктік-логистикалық компания ретінде көрсеттік. Бүгінгі күні компания жаңа қызметтердің пайда болуы мен қатысу географиясын кеңейту арқасында серпінді даму және бизнес көлемдерінің сапалы өсімінің кезеңінен өтуде. Бүгінгі таңда біздің компаниямыз Қазақстан бойынша терминалдардың тармақталған географиялық жүйесіне ие, Қытаймен шекаралас Алтынкөл және Достық станцияларында тиеу қызметінің көшбасшысы атанып, Кеден одағының, Орталық Азияның, Еуропаның және Батыс Қытайдың бар аумағында логистика қызметтерін көрсетеді, сонымен қатар 5 мың бірліктен астам жылжымалы құраммен операциялайды.