Жаңалықтар
«Кедентранссервис» ҚХР – ТМД – ҚХР маршруты бойынша жаңа контейнерлік пойыздарды іске қосуда
8 қаңтар күні Горьковская темір жолының (РФ) Муром станциясына «Сталь в рулонах» жүгі бар сексен екі 20-футтық контейнерден құралған алғашқы пойыз келіп жетті. Маршруттың алғашқы нүктесі — Қытай темір жолының Үрімші станциясы. Тасымалға жұмсалған уақыт 7 тәулікті құрады. Тасымалдардың қосымша көлемі айына 300 ЖФБ артық болмақ.
Болашақта компания қызметкерлерімен тұңғыш рет «Мукомольная продукция» жүгімен Атбасар станциясы (Ақмола облысы) және Сиань қ. (Қытай темір жолы) арасында 20-футтық контейнерлер жанынан қатынастарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жөнелту 2017 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігіне межеленді. Болжам етілгендей, контейнерлік пойыз бұл қашықтықты 8 күннің ішінде жүріп өтпек.
Контейнерлік пойыздарға қатысты бұдан да толығырақ ақпаратты мына анықтама телефонынан білуге болады: +7 (7172) 550–450, ішкі 9180.