#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ еңбек ұжымының меншіктік кәсіптік одағы құрылуда

02.08.2012

Қызметкерлердің бастамашыл тобы кәсіподақ ұйымын құру жобасымен жұмысты екі ай бұрын бастаған. Бастапқы кезеңде «Кедентранссервис» АҚ Орталық аппаратында құрылтай мәселелері бойынша бірінші конференция ұйымдастырылды.

Қоғам қызметкерлері елордаға өңірлік ұжымдардың бір өкілін жіберді. Жалпы жиналыста делегаттар ұйымдастыру мәселелері бойынша өтіп, еңбек ұжымының тілектерін жеткізді. «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестік ретінде тіркелетін болады. Компания басшыларының айтуынша, атап айтқанда экономика және қаржы жөніндегі вице-президент Гүлнар Жұманова «кәсіподақ құру жобасы қағаздағы жоба болмауы тиіс». Вице-президенттің пікірінше,»компания басшылығы да, кәсіподақ комитеті де қоғам қызметкерлерінің кәсіби одаққа деген сенімі пайда болуы үшін бәрін жасауы керек».

«Кедентранссервис «АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі компанияның еңбек ұжымының мүдделерін қорғайтын болады. Акционерлік қоғам мен кәсіподақ арасындағы қатынастардың заңды негізі ретінде 2012-2014 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылады. Ұжымдық шарт жобасында «Кедентранссервис» АҚ кәсіподағы ауыр сырқаты бар қызметкерлерге жеңілдікпен емдеуді қамтамасыз ететіндігі, дағдарыс жағдайларында материалдық көмек көрсететіндігі және еңбек дауларына қатысатындығы көрсетілген. Ұжымдық шартқа қол қойылғаннан кейін компания қызметкерлерінің кәсіптік одағы қызметкерлердің балалары үшін жеңілдікті жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысады.