«Кедентранссервис» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

30.05.2017

2017 жылдың 26 мамыры күні «Кедентранссервис» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен:

— «Кедентранссервис» АҚ 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін жылдық (соның ішінде шоғырландырылған және бөлек) қаржы есептілігі бекітілді;

— «Кедентранссервис» АҚ 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін жылдық (соның ішінде шоғырландырылған және бөлек) қаржы есептілігінің аудитін өткізу үшін аудиторлық компания болып «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС анықталды;

— 2016 жылға «Кедентранссервис» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы беру көлемі мен құрамына қатысты, ақпарат есепке алынды;

— «Кедентранссервис» АҚ және «Транспортный холдинг Казахстана» ЖШС арасындағы 2012 жылғы 07 қыркүйектен № 118/4-Р Өтеусіз пайдалану шартына қосымша келісім жасау туралы шешімі қабылданды.