2017 жылдың 27 сәуірі күні «Кедентранссервис» АҚ Директорлар Кеңесінің сырттай отырысы өтті

03.05.2017

2017 жылдың 27 сәуірі күні «Кедентранссервис» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткізіліп, онда:

— «Кедентранссервис» АҚ және оның еншілес ұйымының 2016 жылға арналған қызметі нәтижелерінің есебі бекітілді;

— «Кедентранссервис» АҚ 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған жылдық қаржы (с.і. шоғырландырылған және бөлек) есептілігі алдын ала бекітілді;

— «Кедентранссервис» АҚ Беларусь Республикасының Брест қ. өкілеттілігінің ашылуы туралы шешім қабылданды;

— «Кедентранссервис» АҚ Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мүшесі Елубаев Санжар Бақытұлы сайланды;

— «Кедентранссервис» АҚ Басқарма мүшесі Оразалин Нұрлан Жабайұлы өкілдігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы және «Кедентранссервис» АҚ Басқарма мүшесі болып Исмұхамбетова Назым Тоқтамысқызын сайлау туралы шешімі қабылданды;

— жасалуында қызығушылық бар бірқатар мәмілелерді жасау туралы шешімі қабылданды.