Акционерлерге

«Кедентранссервис» АҚ өзінің қызметін ҚР көлік-логистикалық нарығында 15 жыл жүзеге асырып келетін ірі терминалдық оператор болып табылады.

Компания ресейлік ірі контейнерлік оператор болып табылатын «ТрансКонтейнер» ААҚ («Ресей темір жолдары» ААҚ еншілес компаниясы) және қазақстандық ірі салалық кәсіпорын «Қазақстан темір жолы» АҚ құрамына кіреді.

«Кедентранссервис» АҚ — Достық станциясында вагондарды 1435 жолдан 1520 жолға түсіретін жүк тиейтін қызмет нарығының көшбасшысы болып табылады, Достық станциясында жалпы қуаттылығы 5,3 млн. тонна/жылына тең 7 жүк тиейтін орын басқарылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының негізгі жүк құрайтын аймақтарында 19 жүк терминалдары бар.

Компания жүктерді темір жол және автомобиль көлігімен экспорттау, импорттау, ішкі және транзиттік қатынастар тасымалы саласында толық көлік-логистикалық кешенді ұсынады.

Акционерлік қоғам тіркеушіне қатысты мәліметтер:
«Единый регистратор ценных бумаг» Акционерлік қоғамы
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы қ., Абылай хан д., 141 үй. Анықтама телефоны: 8(727) 272-47-60, факс: 8(727) 272-47-60».