«Кедентранссервис» АҚ 2020 жылы 8 қазанда Ресей, Санкт-Петербург қаласында өткен дәстүрлі #Законтейнерами конференциясына қатысты.

08.10.2020 23:22:00

«Кедентранссервис» АҚ 2020 жылы 8 қазанда Ресей, Санкт-Петербург қаласында өткен дәстүрлі #Законтейнерами конференциясына қатысты.

«Кедентранссервис» АҚ  2020 жылы 8 қазанда Ресей, Санкт-Петербург қаласында өткен дәстүрлі #Законтейнерами конференциясына қатысты.
Бұл тәжірибе алмасу және жүзеге асырылған жобалар бойынша көлік-логистика саласындағы көшбасшыларға арналған дәстүрлі кәсіби алаң. Сонымен бірге, конференция аясында жаңа бастамалар, нарықтың соңғы үрдістері, сондай-ақ COVID-19 әлемдік пандемиясына байланысты қиындықтар талқылданды.  
Конференцияның негізгі идеясы контейнерлік тасымалдаудың алдыңғы қатарлы операторлары мен логистикалық компаниялар арасындағы байланысты реттеу болып табылады.
«Кедентранссервис» АҚ бас директоры Виктор Федотов өз сөзінде Қазақстан аумағы бойымен барлық транзиттік бағыттар бойынша контейнерлік транзиттің өсіп келе жатқанын айтып өтті, қатысушылардың назарын негізгі көлік-логистикалық қызметтерге, келесі бағыттар бойынша тұрақты контейнерлік сервистің ұйымдастырылуына аударды: Қытай – Алтынкөл – Мәскеу желісі станциясы; Алтынкөл – Хоргос арқылы Алматы-1 – Қытай станциясы.
Спикер, «Кедентранссервис» ірі терминалды оператор болып табылатындығын атап өтті, Қазақстанның барлық аумағында қызмет ететіндігін және терминалдық қызметтің барлық түрін көрсететіндігін атап өтті. Компания серіктестерді және экспедиторлық компаниялардың өкілдерін әріптестікке шақырады.
Сонымен бірге, Виктор Федотов Алтынкөл-Новосибирск-Алтынкөл және Достық-Новосибирск-Достық секілді жаңа контейнерлік сервистердің іске қосылуы туралы компанияның жоспарымен бөлісті.
Қатысушылар сараптамалық қауымдастықпен қарым-қатынастан үлкен энергия алғандығына сенімдіміз. Және #Законтейнерами алаңында алған кәсіби оптимизм жаңа жобаларда және көлік компаниялары үшін бағыттарды қосуда өз шешімін табады деген сенімдеміз.
Конференцияның ұйымдастырушылары InfraNews және «Инфра Проекты» ЖШҚ. Ұйымдастырушыларға ынтымақтастық және көлік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.