«Кедентранссервис» АҚ 13-інші Халықаралық PR форумына қатысуда

19.05.2017

«Кедентранссервис» АҚ 13-інші Халықаралық PR форумына қатысуда

«Кедентранссервис» АҚ 13-інші Халықаралық PR форумына қатысуда

2017 жылдың 18–19 мамыры күндері Алматы қ. «Толық» PR жылы 13-інші Халықаралық PR форумы өткізілді.

Аталмыш іс-шара барысында құттықтау сөз Promo Group Communications Бас директоры Әсел Карауловаға, PR клубының Президенті Аида Досаеваға және арнайы шақырылған мейман ICCO Дүниежүзілік PR ұйымының Президенті Максим Бехарға берілді.

Форумның пленарлық отырысы өткен жылдың аты шулы «коммуникациялық» сәтсіздіктерді талқылаудан бастау алды. Тиімсіз коммуникациялардың мысалы болып табылатын қазақстандық БАҚ мониторингісінің нәтижелеріне негізделген PR кейстерінің анти-рейтингісі ұсынылған болатын. Аталмыш тақырыптың спикерлері ретінде «Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ Президенті Гүлмира Илеоваға, саясаттанушы Айдос Сырымға, Тәуекелдерді бағалау тобының Директоры Досым Сәтбаевқа, PG Communications агенттігінің Бас директоры Әсел Карауловаға, коомуникациялар жөніндегі белгілі маман Әлішер Елікбаевқа және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаевқа сөз берілді.

Отырыстың қорытындылары бойынша, спикерлердің коммуникациялық сәтсіздіктердің экономикалық және саяси құрамдас бөліктерімен байланысы бар екендігіне қатысты пікірлері ортақтасты. Бұған қоса, коммуникацияларға деген жүйелік тәсілдеменің жоқтығы маңызды рөл атқарса керек. Сапалы өзгерістер орын алып жатқанын, саясат ашығырақ болғанын және сұхбат жүргізу талпыныстары бар екендігін атап өткен дұрыс. Алайда қазіргі кезде коммуникациялар саласында орын алған жағдай — БАҚ нарығың көпжылғы кәсіби емес дамуының салдары.

Пленарлық отырыстың 2-нші сессиясында PR-саласының халықаралық және жергілікті трендтері талқыланды.

ICCO дүниежүзілік PR-ұйымының Президенті Максим Бехар PR ғана дағдарыс пен беделді басқара алатындықтан, PR процесскөшбасысы атанып, PR мамандары контент шеберлері болуы және процессті басқаруға қабілетті болуы тиіс.

Спикерлер елімізге тікелей шетел инвестицияларын тарту, коммуникация сала нарығы трендтерінің көріністері үшін коммуникациялар рөлінің тақырыбына байланысты ойларымен бөлісіп, РЦФА Рейтингтік агенттігімен құрастырылатын түрлі салалардағы қазақстандық компаниялардың жылсайынғы рейтингісін ұсынды.

Компаниялар жұмыстарында басты назар PR&GR (Government relations) жөніндегі сессияға аударылды. Қазақстанда «атқарым» ретінде «үкіметпен байланыс» (GR) нарығымызға ғаламдық компаниялардың келуімен пайда болды.

Пікірталас қатысушылары GR — бұл ең бірінші кезекте компания үшін тәуекелдер мен жаңа мүмкіндіктерді жоюға арналған ұзақмерзімді өзаратиімді сенімді қарым-қатынастарды құру жолындағы атқарым екендігімен келіседі. Сала әлі қалыптасып жатқанда, GR — бұл мемлекетпен түрлі салаларда байланыс жүргізуге қабілетті әмбебап маман.

Форум жұмысының қорытындыларын шығара отырып, Promo Group Communications Бас директоры Әсел Караулова бүгінгі таңда біріктірілген коммуникацияларға ие екендігімізді, түрлі коммуникацялық арналар мен digital түйісулерінде өмір сүріп жатқанымызды және жұмыс қызықты әрі күрделене бастағанын атап өтті. Компаниялар жүзеге асыратын жобалар үшін PR мамандарының жапуапкершілігі өсіп, азаматтық бастамалар тұрғысынан қоғамда компаниялардың бедел-бейнесін дұрыс құру механизмі әзірленуде және қолданылуда.