2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

«Кедентранссервис» АҚ TransRussia/TransLogistica 2017 атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесіне қатысатын болады

20.04.2017

«Кедентранссервис» АҚ TransRussia/TransLogistica 2017 атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесіне қатысатын болады

«Кедентранссервис» АҚ TransRussia/TransLogistica 2017 атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесіне қатысатын болады

Мәскеу қ. «Крокус Экспо» Халықаралық көрме орталығының аумағында ТрансРоссия атты 22-нші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер және технологиялар көрмесі өтіп жатыр. Аталмыш көрме кемежайлардан, теміржолдардан және экспедиторлардан бастап, жүктерді өңдеуге арналған көліктік процестер мен жабдықтарды АТ-қамтамасыз етуге дейін — көліктік сектордың бар өкілдерін жинайтын Ресейдің, ТМД және Балтық елдерінің бас алаңы болып табылады.

Көрме жұмысының шеңберінде іс-шараға қатысушы компанияларының бірқатарымен келіссөздер жүргізіліп, контейнерлік тасымалдар бөлігіндегі қызметтестікті бұдан әрі дамыту және кеңейту мүмкіндіктері тілге тиек етілді.

Көрмеге 300-ден астам ресейлік және шетел компаниялары қатысып жатқанын айта кету керек. Ұлттық экспозицияларды келесідей 8 мемлекеттің компаниялары ұсынбақ: Белоруссия, Германия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Финляндия және Эстония.

«Кедентранссервис» АҚ Баспасөз қызметі