2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қ. Клиенттік сервис орталығын ашты

09.03.2017

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қ. Клиенттік сервис орталығын ашты

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қ. Клиенттік сервис орталығын ашты

2017 жылдың 2 наурызы күні Алматы қаласы, Северное кольцо, 57 мекен-жайы бойынша орналасқан 1 Терминал жанынан «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Клиенттік сервис орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Аталмыш іс-шараға Сатулар жөніндегі Вице-президент Ш.А.Төлеушин, Алматы қ. және Алматы обл. бойынша филиал директоры З.Ш.Досмағанбетов, сонымен қатар «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалының және «KTZ express» АҚ филиалы – «KTZE - Южный» басшылығы белсене қатысты.

Клиенттік сервис орталығы (бұдан әрі - КСО) замануи жабдықтармен жабдықталған жайлы офисте орналасып, «бір терезе» қағидасы жөніндегі жұмысқа бағытталған.

Жаңа КСО ашылуы клиенттерге қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыру және оларға қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту мүмкіндігін бермек. Клиенттердің ыңғайлығы үшін Компаниямен көрсетілетін қызметтердің толық спектрін көрсету үшін қажетті болып табылатын кірме жолдары, УСҚ (уақытша сақтау қоймалары), контейнерлерді өңдеуге арналған техника (Kalmar), тиеуге арналған техника және т.б. қарастырылып отыр. Жалпы алғанда, КСО «шаттл-тасымалдар» жүйесінің жылдамдықты пойыздарымен шоғырландырылған жүктерді жөнелтуге/қабылдауға қатысты эксклюзивті көліктік-логистикалық сервисті көрсетеді.

Бұнымен қатар, «Кедентранссервис» АҚ басшылығы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтерді көрсету үшін қажетті жағдайларды құру мәселесін басты назарға алып отыр. КСО-да төлем жүргізудің бөлек жерлері бөлініп, сырғыма баспалдақтар орнатылған.

«Кедентранссервис» АҚ Баспасөз қызметі