«Кедентранссервис» компаниясы қызметкерлер құрамын ішкі оқыту жөніндегі тренингтер топтамасын бастауда

31.05.2016

«Кедентранссервис» компаниясы қызметкерлер құрамын ішкі оқыту жөніндегі тренингтер топтамасын бастауда

«Кедентранссервис» компаниясы қызметкерлер құрамын ішкі оқыту жөніндегі тренингтер топтамасын бастауда

Ішкі оқыту жөніндегі іс-шараларды өткізу бастамасы жайлы компанияның корпоративтік дамыту мамандары айтып отыр. Акционерлік қоғамның ұжымы да, басшылық та аталмыш ұсынысты қолдай кетіп, қатысуға даяр екендіктерін білдірді.

Бастаманың бірегейлігі — қызметкерлер құрамын оқыту жөніндегі тренингтердің айналымы компанияның ішкі кадрлық қорларының есебінен жүзеге асырылатындығында. Қарапайым сөзбен айтқанда, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері компанияның ұжымын әрқайсысы өз бағыты бойынша оқытатын болады, бұл өз кезегінде осыған ұқсас іс-шаралардың шығынды бөлігін әлдеқайда азайтуға септігін тигізбек.

Осындай алғашқы тренинг 2016 жылдың мамыр айында өткізілді. Оқыту акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзараәрекеттесуді жақсартуға бағытталды. Іс-шараның жаттықтырушысы ретінде Стратегиялық дамыту жөніндегі атқарушы директор К. Б. Мақан шықты. Тренинг барысында топтық рухты бекітуге бағытталған тәжірибелік жаттығулардан басқа, қызметкерлер компания басында жүргізіліп жатқан жұмыстың деңгейін бағалап, жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстарын білдірді, сонымен қатар топтарға бөлініп, күрделі логикалық міндеттерді шешті.

Ішкі оқыту жөніндегі жоспарға сәйкес бұл іс-шаралар 2016 жылдың соңына дейін созылмақ.