Жүктерді және контейнерлерді
қоймада сақтау
соның ішінде УСҚ

Жалпы алаңы
2,39 млн. м2
теңелетін ашық
және жабық
қоймалар (ангарлар)

Жүктерді және контейнерлерді қоймада сақтау

«Кедентранссервис» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Уақытша Сақтау Қоймалары(бұдан әрі — УСҚ) иелерінің тізбесіне енгізілген «Қазақстанның көлік холдингі» ЖШС деген еншілес кәсіпорны бар. Осылайша «Кедентранссервис» АҚ клиенттеріне уақытша сақтау қоймасы қызметтерін көрсетіп, сонымен қатар Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында өзінің қызметін жүзеге асырады. УСҚ жабық және ашық алаңдардан тұрады, тиеу-түсіру механизмдері, бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Қоймаларда Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары сақталады.

«Кедентранссервис» АҚ өзінің клиенттеріне қойма орынжайларын және компанияның филиалдық желісінің жүк аулалары аумағында ашық алаңдарды жалдау бойынша қызметтерді ұсынады. Сыйымдылығы 16 мың ЖФЭ болатын қоймалық кешен ауыр салмақты ыдысты-майда даралы, көлемсіз жүктер және контейнерлерді өңдей алады. Біздің ықтимал клиенттеріміз барынша дәлдікті, жылдамдықты және орындаудың жоғары сапасын талап ететін жүктерді жауапты сақтау қызметтерін алуға мүдделі ТМД елдерінің ірі компаниялары және алыс шетел — өндірушілері мен тауарлардың дистрибьютерлері болып табылады.