2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

Жүктерді теминал арқылы өңдеу
және агент қызметтері

132 б.

Тиеу-түсіру
техникасы

80 км.

Меншікті
кірме жолдары

13

Қазақстан бойынша
филиалдар саны

Жүктерді теминал арқылы өңдеу және агент қызметтері

Біздің компания Қазақстанның 19 аймағында филиалдардың кең терминалдық желісін, иеленеді, сондай-ақ жүктер және контейнерлерді тиеу-түсіру үдерісін жылдам жүргізуге мүмкіндік беретін 77 шақырымдық өзіндік кірме жолдары бар. Көп жылдық тәжірибе мен білікті мамандар көмегімен біз клиенттерге төмендегідей қызметтерді қамтитын терминалдық қызметтің «есістен бастап есікке дейін» кең түрлерін ұсына аламыз:

  • вагондар және контейнерлердің тиеу-түсіру операциялары;
  • вагондарды беру, жинау;
  • жүктер және контейнерлерді сақтау;
  • УСҚ қызметтері;
  • жүктердің автожеткізілуі;
  • локомотивтік тарту қызметтері;
  • кедендік-делдалдық қызметтер;
  • сақтандыру;
  • ашық жылжымалы құрамда жүктерді бекіту сұлбасын әзірлеу;
  • жүктерге терминалдық қызмет көрсетумен байланысты басқа қызметтер.

«Кедентранссервис» АҚ түрлі өңірлерде болуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей 12 компаниямен агенттік шарттар жасалды:

  • «ТрансКонтейнер» КАҚ (Ресей)
  • Schenker SIA (Латвия)
  • OOO LDzCargoLoģistika (Латвия)
  • «Белинтертранс» МБК (Белоруссия)
  • IRS InterRailServicesGmbH (Германия)
  • «Трансконтейнер Украина» ЖШҚ (Украина)
  • UAB HOPTRANS PROJECTS (Литва)
  • PETROMAKS (Эстония)
  • «O’ZTEMIRO’LKONTEYNER» ААҚ (Өзбекстан)
  • «Рейлтранк» ЖШҚ (Қырғызстан)
  • «Сомон-Стар» ЖШҚ (Тәжікстан)
  • «Pro Logistic Services» (Түркменстан)

Кедендік операцияларды жасауға арналған құжаттарды ресімдеумен және/немесе алумен байланысты қызметтерді көрсету жөніндегі жұмысты оңтайландыру мақсатында агенттік шарттар жасалды:

  • «Жібек Жолы» Кедендік-брокерлік орталығы» ЖШС;
  • «Акцепт-Терминал» АҚ.

Компанияның көліктік-экспедиторлық қыметтері бойынша ірі клиенттер қатарында: «ТрансКонтейнер» КАҚ, «O’ZTEMIRO’LKONTEYNER» ААҚ, «РЖД Логистика» ААҚ, «Seojoong Kazakhstan» ЖШС, TaewoongLogisticsCo LTD, Bravis Alliance LTD, OriengMultimodalTransportation (Shanghai) және т.б.