2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

Экспедициялау және логистика

2 өкілдік

Үрімші қ. (ҚХР)

Ташкент қ. (Өзбекстан)

19жүк терминалы

Экспедициялау және логистика

Компаниямен ұсынылатын экспедициялық қызметтер клиенттерді жүкті тасымалдаумен байланысты қызметтермен толықтай қамтамасыз ете алады. Жүктерді экспедициялау біздің компания қызметкерлерінің мұқият бақылауымен жүзеге асырылып, жүктерді тасымалдау үдерісі туралы толық әрі шынайы, ақпаратты клиентке ұсына алады. Мұндай төмендегідей қызметтер кіреді:

  • кіре, ақыларды төлеу;
  • Тасымалдауларға арналған фитингтік платформаларды ұсыну;
  • тасымалдау құжаттарын ресімдеу;
  • Кедендік құжаттарды ресімдеу;
  • Қоғамның жүк аулаларына жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау;
  • Достық теміржол станциясында жүктің артық тиелуін жүзеге асыру;
  • Достық станциясындағы жүкті артық тиеуге қатысты фотосуреттерді ұсыну;
  • Жүк артылған/бос контейнерлердің жөнелтілуін ұйымдастыру;
  • жүктің орналасқан жері туралы, ақпарат ұсыну;
  • жүктерді «есіктен бастап есікке дейін» жеткізу қағидаты бойынша кешенді қызмет көрсету.