Қытайдан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Орта Азияға теміржол жүк тасымалдаулары (контейнерлер, вагондар).
Ең жақын филиал:
Call center
Қытайдан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Орта Азияға теміржол жүк тасымалдаулары (контейнерлер, вагондар).
«РЖД Логистика» ААҚ – «Біріктірілген көліктік-логистикалық компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы. Компания «РТЖ» холдингісінің логистикалық бағытын дамыту мақсатында 2010 жылдың 19 қарашасы күні құрылған.
Бүгінгі күні «РЖД Логистика» Ресейдің 23 қаласында қызмет жүргізіп, 250 серіктеске және «Far East Land Bridge», «RZDL Multimodal B.V.», «Euro Rail Trans», «Black Sea Ferries limited» сияқты 4 еншілес қоғамға ие. РЖДЛ клиенттік базасы 1000 астам компания басын біріктіреді. Олардың қатарында ірі халықаралық холдингтер бар. Төрт жылдың ішінде жүктің 30 миллионнан астам тоннасына теңелетін тасымалдаулар ұйымдастырылған.
«TGL Kazakhstan» ЖШС Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея сияқты елдерден жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынады. Бұнымен қатар, Қазақстанда дәне Оңтүстік Кореяда жүктердің кедендік процедураларына қатысты қызметтерді де ұсынамыз. Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Чилиде, Украинада, Ресейде кеңселері бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада офистері ашылады деп жоспарланған.
«Unico Kazakhstan» ЖШС – логистика саласында сәтті дамып келе жатқан халықаралық компания. Қазақстан нарығында 5 жыл бойы қызмет жүргізіп келсе, халықаралық нарықта жалпы өтілі 20 жылдан асатын «Unico Logistics» компаниясы ретінде белгілі.
Серіктестіктің міндеті – үздік халықаралық стандарттар негізінде мөлдірлік пен тиімділікті арттыру бөлігінде Холдинг құрамына кіретін ұйымдардың сатып алуларын жетілдіру және дамыту.
«KTZ Express» АҚ есіктен есікке дейін жүктердің жеткізілуін қамтамасыз етіп, логистикалық жеткізулердің ұйымдастырылуына тікелей қатысады.
Seojoong Logistics Kazakhstan компаниясы басқаруында үздік көліктік қызмет көрсетулерді ұйымдастыратын және оңтайлы көліктік маршруттарды дамытатын құрылымдық жүйенің құрамында 12 шетел филиалы мен 12 өкілдік бар.
Interrail Kazakhstan – теміржол және халықаралық жүк тасымалдауларымен айналысатын көліктік компания.
«DB Schenker» компаниясы өз клиенттеріне халықаралық автомобиль, әуе және теңіз тасымалдаулары, кедендік ресімдеу, кедендік қойма қызметтері, терминал және ішкі дистрибуция сияқты жеткізу және логистика жөніндегі қызметтердің толық пакетін ұсынады.
«Kazlogistics» ЗТҚ – ҚР көліктік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетін және барлық көлік түрлерінің синергиясын дамытудың қоғамдық үйлестірушісі.