Компанияның тарихы

Компанияның тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы» № 1750 қаулысымен тауарлар және көлік құралдарының кедендік сүйемелденуін жүзеге асыру мақсатында шаруашылық басқару құқығында «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқаруын жүзере асыратын орган деп белгіленді. «Кедентранссервис» РМК теңгеріміне тапсырылатын Қазақстан Республикасының Көлік және комммуникациялар министрлігінің 26.05.1999 жылғы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мүлігін «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тапсыру туралы» № 2461 бұйрығымен бекітілген темір жол нысандары (жүк қоймалары) тізіліміне сәйкес «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жүк қоймаларының 21 бірлігі тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығына сәйкес Кедендік комитет жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрамына ауыстырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» № 1750 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1374 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігі кәсіпорынның уәкілетті органы деп белгіленді.

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 маусымдағы «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» № 864 қаулысына сәйкес «Кедентранссервис» РМК «Кедентранссервис» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы 415 «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарын ескеріп, «Кедентранссервис» ЖАҚ 2004 жылғы 15 маусымда (мемлекеттік қайта тіркелуі туралы куәлік № 28180-1910-АҚ) «Кедентранссервис» қайта тіркелді.