2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша «Кедентранссервис» АҚ 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының үзінділері

№ р.с. Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Атқару мерзімдері
1 «Кедентранссервис» АҚ ресми сайтында бос қызмет орнына конкурстық іріктеу қорытындыларына қатысты ақпаратты орналастыру Сайттағы ақпарат Тұрақты
2 Қызметкерлер құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру мақсатында ақпарттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру:
1. Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдердің, семинарлардың және өзге де іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша Қоғаммен қабылданатын іс-шаралар жөніндегі арнайы материалдарды салалық БАҚ жариялауды ұйымдастыру;
3. Тұрғындарды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзылуы туралы ақпаратты қабылдауға арналған сенім телефоны мен электрондық пошта жәшігінің бар болуы жайлы ақпараттандыру
Ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жоспар, БАҚ мақалаларды жариялау, есеп Жыл сайын
3 Қоғамның ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қызметіне арналған арнайы тараулардың қызмет етуін қамтамасыз ету Сайттағы тараулар Тұрақты
4 Қоғамның ресми сайтында Жоспарды атқаруға қатысты жыл сайынғы есепті орналастыру Сайттағы ақпарат Жыл сайын, жыл қорытындылары бойынша, 15-ші наурыздан асырмай