2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

Компания туралы

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Кедентранссервис» АҚ — Қазақстан Республикасында 16 жылдан астам уақыт көлік-логистикалық қызметтер нарығында логистикалық теминалдардың жетекші операторы болып табылады. Компания жүктердің терминалдық өңделуі саласында айрықша активтерге және құзыреттіліктерге ие болып, «Достық» шекаралық станцияда Қытайдан әкелінетін жүктерді тиеу бойынша көшбасшы орынды иеленеді. Компанияның терминалдары Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында және ірі қалаларында орналасқан.


Компанияның негізгі міндеті:

«Клиенттердің кешенді көліктік-логистикалық қызметтердегі қажеттіліктерін жоғарысапалы әрі барынша тиімді қамтамасыз ету».

Компанияның негізгі стратегиялық мақсаты:

«Бизнес ауқымдарының өсімі мен қызмет тиімділігін арттыру арқасында капитализацияны арттыру».


Бүгінгі күні біздің компаниямыз Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар елімізден тыс жерлерде көліктік-логистикалық қызметтерді көрсететін толық жарамды оператор болып табылады.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында «Кедентранссервис» АҚ-да «Перевозки» ИРС АТ бағдарламасы енгізілген. Осының арқасында клиенттер үшін есептер процессі мен қызметтерді көрсетуді автоматтандыру, сонымен қатар «кешенді сервисті» құру және оны дамытуды ынталандыру мүмкіндігі туып отыр.

«Кедентранссервис» АҚ сервисті бұдан әрі перспективалық дамыту ретінде «кешенді сервистен» «өтпелі сервиске» ауысуды қамтамасыз ете отырып, «Транс-контейнер» ЖАҚ-мен, ақпараттық жүйелерді біріктіруінде көріп отыр.

Жүк жөнелтушілері мен көліктік компанияларға арналған көліктік-экспедиторлық қызметтерді көрсетуге қатысты тәжірибеге ие 2012 жылы ҚХР-да (Үрімші қ.) және 2013 жылы Өзбекстанда (Ташкент қ.) компания өкілдіктерінің ашылуы компания сервисін дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды.

«Кедентранссервис» АҚ Достық, Алтынкөл шекара станциясында Қытайдан әкелінетін жүктерді артық тиеу бойынша Қазақстанда көшбасшылық орынға қол жеткізіп отыр.

Компания үдемелі дамып келе жатқанын айта кету керек. Бұған дәлел — Алтынкөл станциясында компания филиалының ашылуы. Қазір онда контейнерлік және таралық-даналап жүктердің артық тиелуі жүзеге асырылуда.

Қазақстанның теміржол саласын реформалау тұжырымдамасына сәйкес, «Кедентранссервис» АҚ жанындағы фитингтік платформалардың жекеше паркіне 5000 бірлік көлемінде платформалар қабылданды.

Бүгінгі таңда «Кедентранссервис» АҚ Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР және Еуропаның 50 көліктік-логистикалық және операторлық компанияларымен серіктестік қарым-қатынастарды орнатып отыр.

Бұған қоса, клиенттеріміздің қатарында 150-ден астам көліктік-экспедиторлық компания бар.

Біздің серіктестерімізбен қызметтестікте Еуропа мен Азия аралығындағы көпір бола отырып, біз көліктік құзыреттілік пен әмбебап логистиканы құрастырудың орталығы атануға ұмтыламыз.