2017 жылдың 01 наурызынан бастап Достық және Алтынкөл филиалдарында жүкті жолдың бір еніндегі вагондардан/жолдың басқа еніндегі вагондарға, сонымен қатар ашық жылжымалы құрамда вагондардан автомобиль көлігіне/автомобиль көлінен вагондарға артық тиеу жөніндегі тарифтердің есептелуі Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы жанындағы елдердің тарифтік саясатына (ТМД ТС) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Хабарландыру 25.11.2016 ж. Тарифтерге қатысты хабарландыру

«Кедентранссервис» АҚ ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Тынышбаев көш., 33 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 2,8 га тең жер телімдері бар өндірістік объектіні жалға береді. Иелікте жалпы алаңы 293 ш.м. құрайтын әкімшілік үй-жайлар, жалпы ұзындығы 660 п.м. кірме т/ж, КК5 және ККУ32 мосы крандары, жүктерді, соның ішінде сусымалы жүктерді орналастыруға арналған ашық алаңдар, алаңы 320 ш.м. құрайтын жабық қойма, күзету орны, 400 кВт трансформаторлық қосалқы станциясы бар. Барлық сұрақтар бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ның мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8/7172/ 550-450, ішкі 9132, 9253, 9003.

Мөлшерлемелер және тарифтер

Құрметті серіктестер! Бұл тарауда «Кедентранссервис» АҚ қызметтерінің өзекті мөлшерлемелері мен тарифтері жарияланған. Осы тарауда сіз үшін қажетті, ақпарат болмаған және қосымша сұрақтарыңыз пайда болған жағдайда, sales@kdts.kz және logistics@kdts.kz мекенжайларына жазбаша сауалдарыңызды жібере алатындарыңызды хабарлаймыз. Байланыс телефондары осы жерде көрсетілген.

Бұнымен қатар, «Кедентранссервис» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Халықаралық қатынаста (импорт, транзит) Достық, Алтынкөл шекара өткелдері арқылы контейнерлерді артық тиеуде вагондар операторымен қызмет көрсету шартының 4.1.2 және 5.1 т. сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «(Халықаралық қатынаста (импорт, транзит) Достық, Алтынкөл шекара өткелдері арқылы контейнерлерді артық тиеуде вагондар операторымен қызмет көрсету үшін мөлшерлемелерінің» өзгергені жайлы хабарлайды.

2015 жылдың 19 қазанынан бастап вагоннан вагонға габариттік емес жүктерді артық тиеу өндірісінде жүктердің халықаралық қатынас тасымалында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер теміржолдарының тарифтік саясатын (ТМД ТС) басшылыққа алу керек:

1) габариттік емес жүктерді артық тиеу үшін тарифтер алымы 2-коэффициентті қолданумен ТМД ТС мөлшерлемелеріне сәйкес;

2) 8-білікті жылжымалы құрамда артық тиеу өндірісіндегі тарифтер алымы 2-коэффициентті қолданумен ТМД ТС сәйкес;

3) 8-білікті жылжымалы құрамда габариттік емес жүкті артық тиеу өнідірісіндегі тарифтер алымы 4-коэффициентті қолданумен ТМД ТС мөлшерлемелеріне сәйкес.


Барлық экспедиторлық компаниялар үшін 2017 жылға арналған шарттарды жасау туралы хабарламасы!

Барлық экспедиторлық компаниялар үшін 2017 жылға арналған шарттарды жасау туралы хабарламасы!

Файлды жүктеу
pdf, 347.35 KB

Достық ст. және Алтынкөл ст. бойынша 2017 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Достық ст. және Алтынкөл ст. бойынша 2017 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Файлды жүктеу
docx, 113.07 KB

Достық ст. бойынша 2016 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Достық ст. бойынша 2016 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Файлды жүктеу
docx, 102.15 KB

Алтынкөл ст. бойынша 2016 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Алтынкөл ст. бойынша 2016 жылға арналған мөлшерлемелер мен тарифтер (экспорт және импорт)

Файлды жүктеу
docx, 89.25 KB