INCOTERMS



Инкотермс (Incoterms) — бұл халықаралық саудада көп қолданылатын терминдерге түсінік беру ретінде бүкіл әлем бойынша үкіметтік органдармен, заңды компаниялармен және коммерсанттармен мойындалған халықаралық ережелер.

Терминдерді 4 санатқа бөлуге болады:

E санаты — Жөнелту жері (Departure):
EXW. Ex Works (көрсетілген жер): сатушының қоймасынан тауар.

F санаты — Негізгі тасымалдау төленбеген (Main Carriage Unpaid):
FCA. Free Carrier (көрсетілген жер): тауар тапсырыс берушінің тасымалдаушысына жеткізіледі.
FAS. Free Alongside Ship (тиеу кемежайы көрсетілген): тауар тапсырыс берушінің кемесіне жеткізіледі.
FOB. Free On Board (тиеу кемежайы көрсетілген): тауар тапсырыс берушінің кемесіне тиеледі.

C санаты — Негізгі тасымалдау төленген (Main Carriage Paid):
CFR. Cost and Freight (тағайындау кемежайы көрсетілген): тауар тапсырыс берушінің кемежайына дейін жеткізіледі (тиеусіз).
CIF. Cost, Insurance and Freight (тағайындау кемежайы көрсетілген): тауар сақтандырылып, тапсырыс берушінің кемежайына дейін жеткізіледі (тиеусіз).
CPT. Carriage Paid To (тағайындау жері көрсетілген): тауар тапсырыс берушінің көрсетілген тағайындау жеріне жеткізіледі
CIP. Carriage and Insurance Paid to (тағайындау жері көрсетілген): тауар сақтандырылып, тапсырыс берушінің көрсетілген тағайындау жеріне жеткізіледі

D санаты — Жеткізу (Arrival):
DAP (Delivered at Place) — Тағайындау жеріне жеткізу
DAT (Delivered at Terminal) — Терминалға жеткізу
DDP. Delivered Duty Paid (тағайындау жері) — баждан және тәуекелдерден тазартылған тауар тапсырыс берушіге жеткізіледі.

Қосымша ақпарат